Елорданың бас санитар дәрігері үндеу жасады
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиялық ахуалдың нашарлауына байланысты елорда тұрғындарына үндеу жасады.
15:08 26.03.2021
«Құрметті елорда қонақтары мен тұрғындары! Қазір коронавирустың таралуына байланысты карантин шараларының күшейтілуіне қарамастан, кей тұрғындар қауіпсіздік шараларын сақтамай, адам өміріне қауіп төнген жағдайлар жиілеп кетті. Сондықтан сізден карантин шараларын сақтауды сұраймыз. Бетперде тағып, қолыңызды мұқият жуу керек. Санитайзерді өзіңізбен бірге алып жүріңіз, онымен қолыңызды үнемі залалсыздандыру керек. Мейлінше адам көп жиналатын жерлерге бармаңыздар. Сондай-ақ, түрлі мерекелер өткізуді де тоқтата тұру керек. Өзіңізге және жақындарыңызға қорғаныш болыңыз», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингіде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!