{metadescription}
Танымал актер Евгений Жұманов реанимацияда жатыр

Танымал актер Евгений Жұманов реанимацияда жатыр

Қазақстандық актер, тележүргізуші Евгений Жұмановтың ауруханада жатқаны туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды.

Бұл туралы Елена Степанюгина facebook желісінде жазба қалдырды.

«Инфаркт, күрделі жүрек операциясы, қазір реанимацияда!!! Евгений Жұманов, Женечка, Құдай саған күш берсін!!! Менің достарым, оған күш-қуат тілейік, қалпына тез келу туралы дұға етейік және оған қолдау көрсетейік», - деп жазды парақшасында.

Евгений Нұриұлы Жұманов 1964 жылы 9 шілдеде Павлодар қаласында дүниеге келген. Шығармашылық жолын Павлодар облыстық драма театрынан бастаған. Орал облыстық орыс драма театрында, Мемлекеттік орыс академиялық драма театрында өнер көрсеткен. 1996 жылдан Республикалық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының актері.

Е. Жұманов театр сахнасында Ромео (У. Шекспир «Ромео - Джульетта»), Калигула (А. Камю «Калигула»), Сальери (А. Пушкин «Моцарт пен Сальери»), Хосе (П. Периме «Кармен»), т.б. рөлдерінде ойнаған. «Тоғысқан тағдырлар» телесериалында Шәміл Байжановтың бейнесін сомдаған. Ол сонымен қатар теледидар бағдарламаларын жүргізуші ретінде де танымал.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.