{metadescription}
Аурухана өртеніп, 5 адам қайтыс болды

Аурухана өртеніп, 5 адам қайтыс болды

Үндістанның Мумбай мегаполисінде коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханада бейсенбіде қайтыс болғандар саны артты.

Бұған дейін The Times Of India газеті екі адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған болатын. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өртенген ауруханадан барлығы 76 пациентті, оның ішінде өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған жеті адамды эвакуациялады. Олардың барлығы басқа ауруханаға жатқызылды.

Коронавирусты жұқтырғандарға арналған аурухана сауда орталығының үшінші қабатында орналасқан. Өрт оның бірінші қабатында шыққан. Төтенше оқиғаға күрделіліктің үшінші санаты берілді. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ, тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде