{metadescription}
Алматыда сауда орталықтарының жұмысына рұқсат етілді

Алматыда сауда орталықтарының жұмысына рұқсат етілді

2 сәуірде Алматы қаласы бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус жағдайына байланысты жаңа қаулысы шықты.

Жаңа қаулыға сәйкес, студенттер мен оқушылар 2020-2021 жылғы оқу жылының соңына дейін қашықтан оқиды. 

Азық-түлік сатылмайтын жабық базарлар, сауда орталықтары, сауда үйлері жұмыс күндері ашық болады, демалыс күндері жұмыс істемейді. Ашық базарлар, сондай-ақ азық-түлік сатылатын жабық базарлардың қызметіне жұмыс күндері мен сенбіде рұқсат етіледі.

Қаулы 3 сәуірден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтіні Алматы қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде