Коронавирус пен пневмониядан 15 адам көз жұмды
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 3 сәуірдегі ақпаратты жариялады.
09:50 03.04.2021
3 сәуірдегі мәлімет бойынша, 26 821 адам коронавирус инфекциясынан (25 362 КВИ+ және 1 459 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 554 пациент стационарда, 17 267 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 377 адамның жағдайы ауыр;
• 98 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
3 сәуірдегі коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.
1 сәуірде коронавирус белгілері бар пневмонияның 70 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 192 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 50 765, 696 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 48 610 жетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!