Алматыда қоғамдық көлік демалыс күндері қалай жүреді
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантин туралы жаңа қаулысы шықты.
13:40 03.04.2021
Құжатқа сәйкес қоғамдық көлікке демалыс күндері штаттық режимде жүруге рұқсат берілді.
«Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес 3 сәуірден бастап қоғамдық көлік демалыс күндері 06:00 мен 23:00 аралығында үздіксіз қызмет көрсететін болады», - деп хабарлады «Almaty Avtobustary» компаниясы.
Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтіні Алматы қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!