{metadescription}
Ақтөбе облысында карантин күшейтілді

Ақтөбе облысында карантин күшейтілді

Ақтөбе облысында коронавирустың таралуын алдын алу үшін карантин шаралары күшейтілді.

Өңірдің бас санитария дәрігерінің қаулысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды. Қаулыға сәйкес, банктер, ХҚКО, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері жұмыс күндері және сенбіде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді, ал жексенбі күндері жабық. 

Сауна және моншалар жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істеп, жексенбі күні жабылады. Сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары және косметологиялық қызмет көрсететін объектілерге алдын ала жазылуы керек.

Жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), фитнес орталықтары және спорттық-сауықтыру орталықтарына алдын ала жазылу керек. Ал демалыс күндері жұмысын тоқтатады. 

Жексенбі күні сауда орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес тауарлардың барлық түрін сататын дүкендер, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы тоқтатылады.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде