{metadescription}
Байқоңырда 60 теңге үшін 14 жасар баланы соққыға жықты

Байқоңырда 60 теңге үшін 14 жасар баланы соққыға жықты

Прокуратура қылмыстық істі бақылауға алды.

"Байқоңыр қаласының 26 жастағы тұрғыны 14 жасар жиені 60 теңге ұрлады деп күдіктеніп, оны жөнге салғысы келген. Ер адам баланың басынан оқтаумен бірнеше рет ұрады. Осылайша жасөспірімге дене жарақатын салып, денсаулығына жеңіл зиян келтірді", - деп хабарлады Байқоңыр кешенінің прокуратурасы.

Қаланың ресейлік құқық қорғау органдары 26 жастағы ер адамға қатысты қару ретінде зат пайдаланып, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады қадағалаушы органдағылар.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде