{metadescription}
Дәрігерлер ұялы телефонды жұтып қойған адамды құтқарды

Дәрігерлер ұялы телефонды жұтып қойған адамды құтқарды

Дәрігерлер науқастың өмірін скальпель қолданбай құтқарып қалды.

Олардың айтуынша, телефонның батареясы кез келген уақытта ішкі органдарды күйдіруі мүмкін. Қызылордада ер адам ұялы телефон мен шегені жұтып қойып, дәрігерлердің арқасында аман қалды. Бұл жағдай туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

"Көпсалалы облыстық ауруханаға түскен ер адамның айтуынша, ол шамамен 8 сағат бұрын ұялы телефонды жұтып қойған", - делінген хабарламада.

Ер адамға жедел түрде іш қуысы органдарының рентгенографиясы жасалды, одан бөтен дене: ұялы телефон мен шеге табылды.

"Телефонның батареясы өте қауіпті, ол кез келген уақытта асқазанның шырышты қабығын күйдіруі мүмкін. Мамандардың кеңесінен кейін икемді эндоскоптың көмегімен бөгде зат сәтті алынып тасталды. Оны эндоскопист дәрігер Айбек Ақбаев жасады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ер адамның неліктен мұндай әрекетке барғаны айтылмады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.