Алматыда бір тәулікте 585 коронавирус жұқтырды
Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, Телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали айтты.
15:29 06.04.2021
«Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 585 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 490-ы симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 95-і симптомсыз ауырған. Бірақ бұл көрсеткіш деңгейі тәуліктің соңына дейін өзгеруі мүмкін», - дейді ол.
Лаура Мырзағалидің айтуынша, Алматыда коронавирус жұқтыру жағдайы өсіп отыр.
«Осы сәтте стационарда 3 146 науқас жатыр, бұл сан кешке дейін өзгеруі мүмкін. Бір тәулікте 309 науқас келіп түсті. Бүгінде бос төсек-орындар саны 1 080 құрайды. Науқастарды сырқатының деңгейіне қарай эшелон бойынша бөліп жатқызамыз. Сырқаты жеңіл түрде өтіп жатқандар үй карантинінде, яғни 5 251 адам дәрігерлердің бақылауында. Телемедицина орталығы барлық науқаспен байланысқа шығып, жағдайларын біліп отырады», - деді Лаура Мырзағали.
2 сәуірде Алматы қаласына 304 900 вакцина дозасы келді. Қала тұрғындарына вакцина салу жұмыстары жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!