{metadescription}
Елордада 20 жыл бұрын жоғалған ер адам табылды

Елордада 20 жыл бұрын жоғалған ер адам табылды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті басшысының атына жоғалып кеткен туысын тапқан Орал қаласы тұрғынан алғыс хат келді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Орал тұрғыны Наталья Константиновна учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Көпжасар Жүсіповке 20 жыл бойы іздеген туысын тауып бергені үшін алғыс айтты», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ол туысын табу мақсатында елордадағы Полиция департаментінің кезекші бөлініме хабарласқан. Оған жоғалып кеткен ер адамның тұруы мүмкін ауданға жауапты учаскелік полициясының нөмірін берген.

«Әйел учаскелік полициядан 20 жыл бұрын жоғалтқан туысын тауып беруді өтінген. Ол 2 күн ішінде ер адамды тауып, Оралға жетуіне көмектескен. Ер адамның тұрғылықты мекен-жайы болмаған және әртүрлі орайы келген жұмыстарды істеген. Полиция қызметкері оған азық-түлік пен пойызға билет сатып алып берген. Оны Оралдағы туысы күтіп алды», - делінген хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде