Екібастұзда 93 жастағы қария бесінші қабаттан құлап, көз жұмды
Екібастұзда 93 жастағы қария абайсызда көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті.
18:41 06.04.2021
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қария тепе-теңдік сақтай алмай қалған көрінеді.
"Екібастұзда 6 сәуірде қайғылы жағдай орын алды. 93 жастағы пәтердің иесі өзінің немқұрайлылығы салдарынан тепе-теңдігін сақтай алмай, 5-қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Екібастұз қаласының тұрғыны алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлайды полиция департаменті.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!