{metadescription}
ШҚО-дағы сауда орталықтарында вакцинация пункттері ашылады

ШҚО-дағы сауда орталықтарында вакцинация пункттері ашылады

Шығыс Қазақстан облысындағы сауда орталықтарында вакцинация пункттері ашылады.

Өңірде 2021 жылдың 1 ақпанында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау науқаны басталған болатын. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда аймақ бойынша 9457 адам вакцинаның бірінші компонентін алса, 5118 адам ревакцинациядан өткен. Бұдан бөлек, вакцинация пункттерін көбейту жұмыстары жүргізілуде. Қосымша пункттерді облыстың ірі кәсіпорындары мен сауда орталықтарында ашу жоспарлануда.

«Вакцина медициналық қызметкерлерге, құқық қорғау органдарының өкілдеріне, мұғалімдер мен созылмалы аурулары бар адамдарға егілуде. Қазірде 60 вакцинация пункті ашылған. Мұндай пункттердің санын арттыру көзделіп отыр. Нақты айтқанда, осы апта ішінде тағы 60-қа жуық вакцинация пункті жұмысын бастайды. Онда кез келген ниет білдірген азамат вакцина алатын болады», - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде