{metadescription}
Балконда жалаңаш суретке түскен қыздар қамауға алынды

Балконда жалаңаш суретке түскен қыздар қамауға алынды

БАӘ-дегі танымал қонақүйдің балконында жалаңаш қыздар түскен фотосессияның видеолары мен фотосуреттері пайда болғаннан кейін жанжал басталды. 

Оннан астам қыз камераға тыр жалаңаш түскен. Кадрлар қоғамның ашуын туғызды, сол күні құқық қорғау органдары модельдерді ұстады. Қыздар Ресей, Украина, Молдова және Беларусь азаматтары болып шықты.

"Мұндай орынсыз әрекет араб елінің құндылықтары мен этикасын көрсетпейді", - делінген Дубай полициясы хабарламасында. 

Соттан кейін қыздар алты айға дейін бас бостандығынан айрылып, БАӘ-нің әдептілік туралы заңдарын бұзғаны үшін мың фунт (шамамен 595 мың теңге) айыппұл салынуы мүмкін. Mash Telegram каналының хабарлауынша, Дубайда ресейлік IT-кәсіпкер Алексей Концов та қамауға алынды.

Mash мәліметтері бойынша, бұл "секс кешін" ұйымдастыруына байланысты. Халықаралық Involta компаниясының негізін қалаушы Концов бірқатар баптар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оның туыстары ресейлік дипломаттардың көмегіне жүгінгені туралы да хабарланған.

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде