{metadescription}
Белгілі қазақ сәулетшісі дүниеден өтті

Белгілі қазақ сәулетшісі дүниеден өтті

Белгілі сәулетші, бір кездері Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы болған Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті.

Бақытжан Әшірбаев – Шымкент қаласының тумасы. Ол "сәулетші" мамандығы бойынша жоғары білім алған. Әшірбаев өз өмірін архитектура мен қала құрылысына арнады. Суретке түсірумен әуестеніп, көрмелер ұйымдастыратын. Оның "Түркістанның алтын қабырғалары" атты фотолары аса танымал. Сондай-ақ теле және кинотүсіріліммен де айналысты.

Еңбек жолын 1975 жылы Шымкенттегі «Южгорсельпроект» мемлекеттік жобалық институтында сәулетші болып бастаған.

1981-1999 жылдар аралығында Шымкенттің бас сәулетшісі болды.

1999 жылдан 2005 жылдар аралығында Б.Әшірбаев «Түркістанның 1500 жылдық мерейтойын өткізу мен дайындығы бойынша дирекцияны» басқарды. Кейін ол ОҚО бас сәулетшісі, ОҚО әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2005 жылдан бастап - «Оңтүстік басжоспар» ЖШС директоры.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде