{metadescription}
ШҚO-да жұмыста ішімдік ішкен 4 судья қызметінен кетті

ШҚO-да жұмыста ішімдік ішкен 4 судья қызметінен кетті

Шығыс Қазақстан облысында жұмыс орнында пара алып, алкогольдік ішімдік ішкені үшін төрт судья қызметінен босатылды.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.  

"Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент Жоғарғы сотқа жұмыс уақытында сот ғимаратында пара алу және алкогольдік ішімдік  ішу фактілері бойынша ШҚО-ның төрт судьясына, оның ішінде Өскемен қаласы №2 сотының төрағасына қатысты ұсыныс енгізді", – деді ол.  

Данияр Биғайдаровтың айтуынша, тәртіптік комиссияның шешімімен Өскемен қаласы №2 сотының төрағасы Қасымов, судьялар Арғымберді, Қайролдина және Глубокое аудандық сотының судьясы Әміров қызметінен босатылды.

Дереккөз: Sputnik
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде