{metadescription}
Түркияға чартерлік рейстер тоқтатылуы мүмкін

Түркияға чартерлік рейстер тоқтатылуы мүмкін

Түркияға саяхатқа билет сатып алған қазақстандықтарға менеджермен тұрақты байланысып тұруға кеңес берілді.

Түркияда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Air Astana бұл елге чартерлік әуе рейстерін тоқтата тұруы мүмкін. Қазір әуе тасымалдағыштар мен туристік компаниялар Түркияға рейстерді қысқарту ықтималдылығы бойынша ведомствоаралық комиссияның шешімін күтіп отыр.

Қазір Air Astana Түркияға аптасына тұрақты он рейс ұшырып жатыр.

"Түркияға чартерлік рейстерге туроператорлардан үлкен сұраныс түсіп жатыр және компанияның оны орындауға мүмкіндігі бар. Алайда Түркиядағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты чартерлік рейстер кейінге қалдырылуы мүмкін", - деді әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Түркияға 500-ден астам тур жоспарланған, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Ht.kz туристік агенттігінің директоры Максим Банин. Оның айтуынша, әуе компанияларының кестесі бойынша тұрақты рейстер арқылы Стамбұлға немесе Анталияға ұшуға болады. Рейстер күніне бір рет орындалады.

"Қазір біз коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімін күтіп отырмыз. Егер  рейстер санын қысқартса, онда біз туристер үшін қолайсыздық тудырмайтын шұғыл шаралар қабылдаймыз. Түркияға саяхаттайтын туристер саны қатты қысқарады деп ойламаймын. Бұл бағыт қазақстандық туристер арасында көп жылдан бері жоғары сұранысқа ие", - деді Максим Банин.

Банин дәл қазіргі сәтте чартерлік рейстерді тоқтату немесе уақытын ауыстыру бойынша туристік агенттіктерге ресми хат жолданбағанын айтты.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде