{metadescription}
Ақтаудағы Rixos қонақ үйіне айыппұл салынды

Ақтаудағы Rixos қонақ үйіне айыппұл салынды

Rixos Water World Aktau қонақ үйінің иесіне карантин талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салынды.

Lada басылымының мәліметінше, концерт ұйымдастырғаны үшін қонақ үй иесі 2 млн 333 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. 

"Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдерінен құралған мобильді топ кешен иесіне карантин талаптарын бұзғаны үшін хаттама жасап, түсініктеме алды. Қаладан 20 шақырым жерде орналасқан курорттық аймақта адамдар көп шоғырланған концерт ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

Сәуір айының басында коронавирусқа және тыйымдарға қарамастан қонақ үйде қазақстандық "Ирина Кайратовна" тобының концерті өтті. Топтың өнер көрсеткені бейнеленген видео әлеуметтік желілерде таралды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде