Алматыда екі жасар қызымен жоғалып кеткен келіншек табылды
Қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Ислам Аушев бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен анасы мен екі жасар қызын Алматыда тапқанын хабарлады.
10:05 16.04.2021
"Сания Тусеева мен оның қызы Самира табылды. Алматы қаласы Жетісу АІІБ және Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің кәсіби және жедел іс - әрекеттерінің арқасында Сәния Түсеева туған үйінен табылды", - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Ол сондай-ақ полицейлерге алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, 12 сәуірде қызымен анасы жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!