{metadescription}
Көрнекті ақын Есенғали Раушанов дүниеден озды

Көрнекті ақын Есенғали Раушанов дүниеден озды

Есенғали Раушанов әр жылы "Жалын", "Арай" журналында бөлім меңгерушісі, "Зерде" журналының бас редакторы, "Жазушы" баспасының директоры қызметін атқарды.

Ақын, жазушы Есенғали Раушанов 64 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек жеткізді.

"Қадірлі ағайын! Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтан айырылып қалдық. Алла алдынан жарылқасын. Асыл рухы бейіштің төрінде шалқысын", - деп жазды Ақберген Елгезек. 

Есенғали Раушанов 1957 жылы Қарақалпақстанда туған. 1976-1980 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алды. Әр жылы "Жалын", "Арай" журналында бөлім меңгерушісі, "Зерде" журналының бас редакторы, "Жазушы" баспасының директоры қызметін атқарды.

Алғашқы жыр жинағы "Бастау" деген атпен 1980 жылы жарық көрді. "Келінтөбе", "Шолпан жұлдыз туғанша", "Ғайша бибі", "Қара бауыр қасқалдақ" атты жыр кітаптары бар. 

2005 жылы "Құрмет" ордені, 2017 жылы "Парасат" орденімен марапатталған.

2006 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.