{metadescription}
Мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібі өзгереді

Мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібі өзгереді

Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы алатындарға таңдау беріледі, олар ақшаны не банк картасына, не әлеуметтік әмиянға аудартады.

Егер әлеуметтік әмиянды таңдаса, оған түскен ақшаны банктер өндіріп ала алмайды. Қазақстанда арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау ережесіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Тиісті заң жобасы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланды.

Қазіргі заңнамаға сәйкес, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – бұл жәрдемақыға құқығы бар азаматтарға жәрдемақының өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем. Оны мүгедектер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар, "Қазақстанның еңбек ері", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" және "Халық қаһарманы" құрметті атағын алғандар, ядролық сынақтардан зардап шеккендер және тағы басқа адамдар ала алады.

Жаңа заң жобасы бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны электронды ақшамен де төлеу қарастырылған. Оны электронды әмияндарға аударып отырады. Ал электронды әмияндағы ақшаны өндіріп алуға тыйым салынады. Бұның барлығы жәрдемақыны тағайындау туралы өтініште көрсетіледі.

Айта кетейік, 2020 жылы қыркүйек айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік төлемдерді цифрландыруды тапсырған болатын. Осыдан кейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтарда таңдау болатынын хабарлаған. Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды не банк картасын, не әлеуметтік әмиянға аудартуға мүмкіндік болады.

Ал "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" заңға сәйкес, әлеуметтік әмияндағы ақшаны банктер, салық органдары мен коллекторлар өндіре алмайды. Әлеуметтік төлемдерге арналған электронды әмиян 2022 жылы енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде