{metadescription}
Павлодар түрмесінде педофилді өлтірді

Павлодар түрмесінде педофилді өлтірді

Соққыға жығылған сотталушы медициналық көмекке жүгінбеген және әкімшілікке ешқандай арыз-шағым айтпаған.

Павлодардағы қаупісіздік деңгейі жоғары түрмеде адам өлтіргені үшін қамалған ер адам өзге сотталушыны соққыға жықты. Ол ауыр дене жарақатынан көз жұмды. Департаменттің баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдіғалиеваның айтуынша, 8 мамыр күні кешқұрым АП-162/4 мекемесінің санитарлық бөлмесінде адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан 44 жастағы ер адам өзге сотталушыны соққыға жыққан. Ол медициналық көмекке жүгінбеген және әкімшілікке ешқандай арыз-шағым айтпаған.

"9 мамырда соққыға жығылған ер адам алған жарақат салдарынан жатқан жерінде қайтыс болды. Жедел жәрдем бригадасы оның өлімін тіркеді", – дейді Әбдіғалиева.

Айта кетейік, қайтыс болған ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бабына сәйкес кәмелетке толмаған баланы зорлау ісі бойынша айыпты деп танылып, сотталған. Соның негізінде жазасын өтеп жүрген. Оқиға орнына тергеу тобы мен прокуратураның, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және қауіпсіздік қызметінің өкілдері шұғыл жетті. Сондай-ақ ол жерге ұлттық алдын алу механизмі мен қоғамдық бақылау комиссиясы да шақырылды.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде