{metadescription}
Алматы облысында жасөспірімді соққыға жыққан екі әйел іздестірілуде

Алматы облысында жасөспірімді соққыға жыққан екі әйел іздестірілуде

Полицейлердің айтуынша, өзара жанжалдан кейін екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып, оқиға орнына қашып кеткен

Алматы облысында аялдамада тұрған жасөспірімді екі әйел ұрып кетті. Қан жоса болып таяқ жеген 16 жастағы қыз  Алматыдағы балалар ауруханасына жеткізілді. Жәбірленушінің фотосуреті әлеуметтік желіде таратылуда. Ол жерде оқиғаның Боралдай ауылындағы Сахарный аялдамасында кешкі уақытта болғаны айтылады.

Сондықтан екі әйелдің кәмелетке толмаған қызды ұрғанын көрген адамдар аз емес деп санаған қыздың анасы куәгерлерді іздестіруде. Ал Алматы облысының полициясы оқиға 13 мамырда сағат 18.35 шамасында Боралдай ауылындағы Космонавттар көшесіндегі аялдамада болғанын хабарлады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал салдарынан екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып тастаған, содан кейін олар қылмыс болған жерден таксимен қашып кеткен. 16 жастағы жәбірленуші No1 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Күдіктілердің тұрғылықты жерін анықтау және оларды одан әрі ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары  жүргізілуде", – дейді тәртіп сақшылары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде