{metadescription}
Қарағандылық полицей өртеніп жатқан моншадан 6 жасар баланы алып шықты

Қарағандылық полицей өртеніп жатқан моншадан 6 жасар баланы алып шықты

Қарағандылық полицей және оның досы жанып жатқан моншадан баланы алып шығып, оның өмірін құтқарып қалды.

Өрт 29 мамырда Қарағанды қаласының Ермеков көшесіндегі "Кедр" моншасында болған. Жалын 300 шаршы метрден астам аумақты қамтыды. Сол күні моншада болған полиция лейтенанты Шерхан Төлеухан мен оның досы Жантөлеу Егінбай өрт туралы айқайды естиді. Бастапқыда мән бермеген олар, кейін монша бөлмелеріндегі түтінді көреді.

“Шығатын есік өртеніп жатқан еді. Өтетін жер болмады. Менің досым Жантөлеу Егінбай баланы дымқыл орамалға орап, алып шыққан. Оттың жалыны өте күшті болды", - деді Шерхан.

Шерхан Төлеухан өрт сөндірушілер келгенше баланы жанып жатқан ғимараттан аман-есен алып шыққан. Осылайша полицейлер баланы ата-анасына тапсырыпты. Баланың ата-анасы ұлын құтқарғаны үшін полиция қызметкері мен өрт сөндірушілерге алғыс айтты. Қазір балада бәрі жақсы, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. 

"Қарағанды ​​облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы полиция қызметкері мен оның досына баланың өліміне тосқауыл болған ерлігі үшін марапаттауды жоспарлап отыр", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде