Есіл өзенінде ер адамды ұйық тартып кетті
Қостанай облысынан қонаққа келген ер адам отбасы мүшелері мен достарының көз алдында суға батқан.
10:36 01.06.2021
Солтүстік Қазақстан облысында жас жігіт өзенге секіріп, қаза тапты. Бұл туралы облыстық азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Кирилл Иванников брифинг барысында мәлімдеді. Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданындағы Урожайное ауылының жанында болды.
Олар отбасымен Есілдің жағасында демалған. Ал ол жердегі жағалау биік әрі тік және судың асты тегіс емес болған.
"27 жастағы ер адам жартастан секіріп, жүзіп келе жатқанда ұйыққа тап болған. Содан шыға алмай, күші сарқылған соң суға батып кеткен. Жергілікті тұрғындар мен куәгерлер 40 минут ішінде суға батқан адамның денесін алып шықты", - дейді Иванников.
Ер адам отбасымен бірге Қостанай облысынан достарына қонаққа келген деп түсіндірді ол, деп хабарлайды Sputnik.
"Негізінен, бұл аймақта шомылуға тыйым салынған. Өйткені, ол жерде құтқарушылар мен инфрақұрылым да жоқ және акватория бойынша зерттеу жүргізілмеген. Ал демалушылар ол жерде шомылуға тыйым салынғанын біле тұра, суға түскен", - дейді басқарма қызметкері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!