Азия чемпионатында Василий Левит күміс медальді тағудан бас тартты
2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Василий Левит бокстан Дубайда (БАӘ) өткен Азия чемпионатында жеңіп алған күміс медалін таққан жоқ.
09:21 01.06.2021
91 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Левит төрешілердің даулы шешімімен финалда үнді боксшысы Санжитке есе жіберді. Бір қызығы, тіпті AIBA комментаторларының өзі қазақстандықтан жеңісті тартып алғанын атап өтті.
Левит - Азияның үш дүркін чемпионы болған жалғыз қазақстандық спортшы. Ол 2009, 2015 және 2017 жылдардағы құрлық біріншіліктерінде алтын иеленді. Естеріңізге сала кетейік, бұл ерлер арасында Қазақстанның ерлер құрамасы бірде-бір алтын алмаған. Левиттен басқа Даниял Сәбит (49 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Әбілхан Аманқұл (75 кг) және Қамшыбек Күнқабаев (+91 кг) күміс алды. "Қола" Сәкен Бибосыновке бұйырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!