Министрлік коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты
Өткен тәулікте 20-дан астам қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болады.
11:04 01.06.2021
Бір тәулікте COVID-19 және пневмониядан 22 қазақстандық қайтыс болды. Оның ішінде коронавирустан 19 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан үш адам қайтыс болды. Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 3974-ке жетті. Пневмониядан 3 369 науқас көз жұмды.
1 маусымдағы мәлімет бойынша, 26 393 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9 984 пациент стационарда, 16 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Жалпы науқастар арасында 629 адамның жағдайы ауыр, 148 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 95 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!