Алматы қызыл аймақтан шықты
Әзірше "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Ақмола облыстары тұр.
Фото: ria.ru
11:10 01.06.2021
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!