Қазақстан мектептерінде даладағы дәретханалар 1 қыркүйекке дейін жойылады
Мектептердегі дала дәретханаларын жою жұмыстары 2019 жылы оқушы зорланғаннан кейін қолға алынды.
12:25 01.06.2021
Білім министрлігі мектептердің даладағы дәретханаларын оқу жылы басталғанға дейін жоюды көздеп отыр. Білім министрі Асхат Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мектептерді жылы дәретханалармен жабдықтау мәселесі де жататынын атап өтті. Айтуынша, бір жыл бұрын 2700 мектептің дәретханасы далада орналасқан. Аз уақыт ішінде 2600-ге жуық дәретхана салынып, бұл көрсеткіш 98,9%-ке жетті.
«Бір жыл бұрын 2 700 мектептің дәретханасы далада орналасқан болса, бүгін 2600-ге жуық дәретхана салынып, бұл көрсеткіш 98,9%-ға жетті. Десек те, Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының 110 мектебінде ауладағы дәретханалар жұмыс істеп тұр. Бұл мәселені 1 қыркүйекке дейін толық шешу керек», - деді ол Үкімет отырысында.
Ол даладағы дәретханаларды жою мәселесін 1 қыркүйекке дейін толық шешу міндеті қойылатынын айтты. Даладағы дәретханаларды жою жұмыстары 2019 жылы оқушы зорланғаннан кейін қолға алынды. Сол жылы қарашада Таразда 12 жастағы оқушы мектеп аумағындағы дәретханада зорлық-зомбылыққа ұшырады.
Трагедия қоғамдық резонанс тудырды: мектеп басшылығы мен қала шенеуніктері жазаланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болған жағдайды нағыз масқара деп атап, барлық мектепте 2020 жылдың соңына дейін оқушыларға қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!