Сағынтаев үнді штамына байланысты жаңа қаулы шығатынын мәлімдеді
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирустың үнді штамының тіркелуімен шектеу шаралары күшейтілетінін айтты.
14:39 25.06.2021
«Локдаун бола қоймайтын шығар. Бірақ шектеу шаралары міндетті түрде қабылданады. Қалалық департамент қазір қаулы жобасын дайындап жатыр. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет комитетінің шешімін күтіп отырмыз. Комитеттің қаулысы шыққаннан кейін қалалық департаменттің қаулысы да жарияланады. Індет жылдам тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан бәрі түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Бұл жерде бірінші кезекте вакциналауды күшейту керек. Басқа амалы жоқ. Алматылықтарды, бүкіл қазақстандықтарды екпені белсенді алуға шақырамыз», - деді Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұған дейін Б.Сағынтаев қала жақын күндері қайтадан «қызыл» аймаққа өтуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!