{metadescription}
Ғалымдар екі вакцинаны араластырып салғызу тиімдірек екенін айтты

Ғалымдар екі вакцинаны араластырып салғызу тиімдірек екенін айтты

Оксфорд университетінің зерттеушілері екі түрлі вакцинаны араластырып салғызу денсаулыққа пайдалы екенін жариялады.

Ғалымдар екі түрлі вакцинаның екі компонентін араластырып салғызу арқылы COVID-19-дан қарсы сенімді түрде қорғануға болады деген пікірдe. Мамандар жүргізген тәжірибеде еріктілер екі түрлі вакцина дозаларын салғызған. Екі компонентті салғызу аралығы төрт аптаны құраған. Тәжірибе нәтижесінде AstraZeneca және Pfizer вакциналарын араластырып егу тек бір ғана екпені салғызудан гөрі тиімдірек екені анықталған. 

Қазіргі таңда вакциналарды араластырып салғызуды Испания мен Германия сынды мемлекеттер қолға алған. Бұл елдерде Pfizer вакцинасының бірінші компонентін салғызғандар тұрғындарға, екінші доза ретінде AstraZeneca екпесін салу ұсынылуда. Ғалымдар бұл зерттеу арқылы халықтың бір вакцинаға деген сенімсіздігін азайтуды мақсат еткендерін алға тартты. 

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде