{metadescription}
Ғалымдар коронавируc жұқтырғанын анықтайтын маска ойлап тапты

Ғалымдар коронавируc жұқтырғанын анықтайтын маска ойлап тапты

Америкалық ғалымдар адамның коронавирус жұқтырып-жұқтырмағанын анықтауға мүмкіндік беретін бетперде жасап шығарды.

Ерекше масканы Массачусетс технология институты мен Гарвард университетінің мамандары ойлап тапты. Жаңа бетперде адамның Covid-19-бен ауыратынын 90 минут ішінде анықтайды, деп хабарлайды МТИ ресми сайты.

Вирусты табуға масканың ішкі жағына тігілген кішкентай бір реттік датчик көмектеседі. Құпиялықты сақтау мақсатында тест нәтижесі бетпердені таққан адамға ғана көрінеді. Ғалымдар датчиктерді тек маскаға ғана емес, киімге, мәселен зертханалық халаттарға орналастыруға болатынын айтты.

Мамандар бұл датчиктерді бірнеше жыл бұрын дайындай бастаған. Бұған дейін құрылғылар Эбола мен Зика вирустарын анықтау үшін қолданылған. Сонымен қатар датчикті басқа да вирустарды табу үшін пайдалануға болады.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде