{metadescription}
Сақалын қырудан бас тарқан жігітке қалыңдық тұрмысқа шықтаймын деп қорқытқан

Сақалын қырудан бас тарқан жігітке қалыңдық тұрмысқа шықтаймын деп қорқытқан

Қалыңдық сақалын қырудан бастартқан күйеу жігітіне қатты ашуланып, той болмайды деп қорқытқан. 

Ол бұл туралы анонимді пост жариялаған. Желіде жарияланған пост авторы басынан өткен оқиғасы туралы amitheasshole сабреддитіндегі оқырмандарына айтты. Қалыңдық сүйіктісімен үш жылдан бері бірге болғанын және осы жылдар ішінде жігіті анда-санда сақалын өсіргенін айтады. 2021 жылы наурызында жігіті тағы да сақалын өсірген. Алайда, 6 қыркүйекке жоспарланған үйлену той қарсаңында күйеу жігітінің бұл образы қалыңдыққа ұнамай қалған.

Қалыңдықтың айтуынша, маңызды күн жақындаған сайын тойдың ұзақ-түйектеріне дейін көп ойлана бастаған. Күйеу жігіттің сақалы той суреттерінде сүйкімсіз көрінуі мүмкін дейді ол.

“Мен одан сақалын қыру жайлы әзілдеп сұраған едім, ол үзілді кесілді қарсы екенін айтты. Осы жерден іс насырға шапты”, – деді қалыңдық. 

Қалыңдың күйеу жігітті екі оттың ортасында қалдырған. Не сақалын қырады, не той болмайды. Ашуланған күйеу жігіт  үйден заттарын жинап шығып, хабарсыз кеткен. Пост авторының достары екіге бөлінді: кейбіреулері оның шешімін қолдайды, ал екіншілері қалыңдықтың қылығы дұрыс емес деп санайды. Өйткені күйеу жігіттің сақал өсіруге толықтай құқығы бар. Желі қолданушылары бірауыздан қалыңдықтың бұлай талап қоюы жөн емес деп шешті.

Желі оқырмандарының бірі: 

"Сіз сақалы бар жігітке "иә" дедіңіз, енді оны солай қабылдаңыз. Елестетіп көріңізші, егер ол сізге 10 келі тастамайынша үйленбеймін деп айтса, қандай күйде боласыз", – деп пікір қалдырды. 

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде