{metadescription}
Оралда құлаққап таққан жас жігіт пойыз астына түскен

Оралда құлаққап таққан жас жігіт пойыз астына түскен

Оралда 25 жастағы жігіт пойыздың астына түсіп мерт болды.

Ол шойын жолдан өтіп бара жатып, жақындап қалған отарбаны аңғармай қалған. Шойын жолдан өтіп бара жатқанда Нұр-Сұлтан-Орал бағытындағы жолаушылар пойызы қағып өткен. Полицияның мәліметінше, марқұм құлаққаппен ән тыңдап келе жатқан көрінеді. Оқиға орына жеткен жедел жәрдем шойын жолға жаншылған жігітті бірден ауруханаға жеткізген.

Алайда бас сүйегі зақымданып, миы шайқалған оны аман алып қалу мүмкін болмады.  

"Реаниматолог, нейрохирург, травматолог және басқа да білікті мамандар 35 минут бойы оның өмірі үшін күресті. Өкінішке қарай, жарақат өте ауыр болды. Біз жасаған барлық көмекке, іс-шараға қарамастан науқас қайтыс болды. Өте өкінішті!", - деді Орал көпсалалы ауруханасы директорының орынбасары Самал Нүрғалиева.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.