Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда қоймада ірі өрт болды
Алматыда қоймалар өртке оранды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
09:42 03.07.2021
Оқиға Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жол, 87Г мекенжайы бойынша болған. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен хабарлағандай, 3 шілде таңғы сағат 4:44 шамасында Жетісу ауданы Жетісу ауданындағы солтүстік айналма жолындағы қоймалардың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
«Оқиға орнында штаб, 4 өрт сөндіру учаскесі құрылды, қолда бар сумен жабдықтау көздері іске қосылып, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді, өртті сөндіруге авиация тартылды», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 84 қызметкер мен 24 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау сағат 7:44-те ауыздықталып, 8:19-да толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның жақын маңдағы қоймаларға таралуына жол бермеді. Өрт аумағы мен себебі анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram