Атырау облысында 18 адам үнді штамын жұқтырып алған
Атырау облысында «дельта» штамының 18 жағдайы анықталды.
10:40 03.07.2021
Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың ақпаратына сүйенсек, соңғы тәулікте тексеруге 43 сынама жіберілген.
«Оның ішінде 18 сынамадан «дельта» штамы анықталды. Өңірде қауіпті вирус өршіп тұрғанына қарамастан, әртүрлі іс-шараны өткізуді, оған қатысу тоқтамай тұр. Жақында мониторинг тобы осындай 74 іс-шараны анықтады. Бұл былтырғы осы кезеңде індеттің өршігенін ұмытқанымызды байқатады. Сондықтан, қауіпсіздік ережелерін сақтап, вакцина алуға шақырамын», - деді Мәдениет Таниуов.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!