Алматыдағы субұрқақта тоқ соққан әйел ауруханадан шықты
Алматы циркінің жанындағы субұрқақта тоқ соққан 28 жастағы әйел ауруханадан шықты.
13:27 03.07.2021
Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті.
«Науқас үйіне шығарылды, ол барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алды, жағдайы тұрақты. Одан әрі бақылауды тіркелген жері бойынша емхананың дәрігерлері жүргізеді», - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы субұрқақта бірнеше адамды тоқ соқты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!