Көшкін жүріп, 20 адам із-түзсіз жоғалды
Сенбі күні Жапонияның Сидзуока префектурасындағы Атами қаласында көшкін жүрді.
15:08 03.07.2021
Салдарынан 20-ға жуық адам із-түссіз жоғалып, 10 үй қирады. Апат болған ауданда іздестіру-құтқару жұмыстары басталды. Сидзуока префектурасының әкімшілігі Жапонияның өзін-өзі қорғау күшінен адамдарды іздестіру жұмыстары бойынша көмек сұраған.
Жапонияның орталық және шығыс аймақтарында бірнеше күн бойы нөсер жауын тоқтаусыз жауып жатыр. Өткен екі тәулікте елдің жекелеген аудандарында 400-ден 600 мм дейін жауын-шашын жауған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!