Oрман өрті бір ауылды жойып жіберді
Канаданың Британ Колумбия провинциясында орман өрті Луттон атты шағын ауылды толығымен жойып жіберді.
19:29 03.07.2021
Осы аптада Канада тарихындағы абсолютті температура рекорды – 49,6°C тіркелді. Мыңнан астам адам алдын ала ескертусіз осы аумақтардан кетуге мәжбүр болды.
Өңірдің өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, өрт ауылдың барлық құрылыстарының 90% - ын, оның ішінде медпункт пен полиция учаскесін жойды. Полицияның мәліметінше, тұрғындардың бір бөлігі әлі күнге дейін байланысқа шықпаған. Зардап шеккендер мен құрбандар туралы ақпарат жоқ.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!