{metadescription}
Қарағандыда екі бала тоғызыншы қабаттан мысықты лақтырып жіберген

Қарағандыда екі бала тоғызыншы қабаттан мысықты лақтырып жіберген

Қарағандыда жоғарғы қабаттан мысықты лақтырып жіберген балалардың ата-аналары 29 мың мың теңге айыппұл төлейтін болды.

Балалардың бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.  Айта кетсек, 10 және 11 жастағы балалар мысықты көрші үйдің подъездіне алып кірген. Олар үй жануарын біраз уақыт азаптап, кейін терезеден лақтырып жіберген. Куәгерлер мысықты мал дәрігеріне алып барған. Буаз мысық біраз дене жарақаттарын алған, бірақ аман қалыпты. 

Балалардың бұл ісіне наразы болған тұрғындар полицияға арыз жазыпты. Қазіргі таңда қатыгездікке барған жеткіншектер табылған. Олардың ата-аналарына қатысты  "Ата-аналық міндеттерді орындамау" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған: олар 29 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады. 

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде