{metadescription}
Соңғы тәулікте 47 науқас коронавирустан көз жұмды

Соңғы тәулікте 47 науқас коронавирустан көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 13 шілде күні Қазақстан аумағында 47 адам - коронавирустан, тағы 10 адам - пневмониядан көз жұмған. Коронавирустан қайтқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр - 11 науқас.

Қарағанды облысында - 10, Қызылорда және Атырау облыстарында - 4 адамнан, Шымкент қаласында - 7, Батыс Қазақстан облысында - 5, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласында - екі адамнан, Маңғыстау және Павлодар обылстарында - бір адамнан дүниеден озған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде