{metadescription}
СҚО-да бұқа ер адамды сүзіп өлтірді

СҚО-да бұқа ер адамды сүзіп өлтірді

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында симментал бұқасы балық аулап отырған 67 жастағы балықшыға шабуылдап, өлтіріп тастады.

"Мал үйірін уақытша қараусыз тастап кеткен бақташы қайта оралғанда жараланған ер адамды көрген. Дене жарақатын алған ауыл тұрғыны аудандық ауруханада көз жұмды", - деді полицияда.

Полицияда атап өткендей, бұл жағдай қараусыз қалған малдың қаншалықты қауіпті екенін дәлелдеп отыр. Бақташы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 408-бабы 2-бөлімі бойынша мал бағу ережелерін бұзудың адам денсаулығына залал келтіруін әкеп соғуы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Атап өтсек, бұл құқық бұзушылық үшін он айлық есептік көрсеткіш көлемінде (29 170 теңге) айыппұл қарастырылған. Жыл басынан бері осы бап бойынша 229 хаттама толтырылды.

"Иелері анықталғанға дейін 3 225 бас мал арнайы қораға жабылды. Осыған байланысты облыс тұрғындарын заңнама талаптарын сақтауға, малды өз бетімен жібермеуге және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз", - деді жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Айдын Байматов.

Сонымен қатар дәл осы күні Есіл ауданында 60 жастағы ер адам аттан құлап көз жұмды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері екі факті бойынша тексеру жүргізді. Оқиғаның қылмыстық сипаты жоқ екеніне көз жеткізу үшін арнайы сараптамалар тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде