{metadescription}
Қазақстанға шетелден келген азаматтар карантинге жіберіледі

Қазақстанға шетелден келген азаматтар карантинге жіберіледі

Коронавирус жұқтырғаны анықталған адамдар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады.

Шетелден келген қазақстандықтар мен ел аумағында тұруға ықтияхаты бар азаматтар ПТР-анықтамасы мен вакцинация паспорты болмаса, карантиндік стационарға оқшауланады. Тиісті қаулыға елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов қол қойды.

"Қазақстан азаматтары мен ел аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтама және Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцина алғаны туралы құжаты болмаған кезде, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 3 тәулікке дейін оқшауланады", - делінген құжатта.  

COVID-19-ға тест жасау үшін сынаманы медициналық-санитарлық алғашқы көмек маманы алады. Теріс нәтиже шыққан адамдарға тиісті қолхат алына отырып, коронавирустың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. Ал вирус жұқтырғаны анықталған адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.