{metadescription}
Қызылорда облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Қызылорда облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша 15 шілдеде Қызылорда облысы «қызыл» аймаққа кірді.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавирус дертінің өршуіне байланысты тұрғындарға үндеу жариялады.

«Біздің бейғамдығымыз бен карантиннің қарапайым талаптарын сақтауға салғырттығымыздың кесірі өзімізге ғана емес, отбасымыз бен туыстарымызға, айналамыздағы адамдарға тиюде.

Бүгінгі күні облыста барлығы коронавирус инфекциясының 7783 жағдайы тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 946,4-ті құрап отыр.

Барлық тіркелген коронавирус инфекциясының 2,0 пайызы сырттан тасымалданған, 58,0 пайызы скринингтік тексеру нәтижесінде және 40 пайызы қарым-қатынас арқылы жұқтырғандар.

Ауруға жаңа туған нәрестелер мен қариялар да шалдықса, соның ішінде 20 жастан 69 жас аралығындағы азаматтар арасында белсенділік байқалуда.

Бұл жұмысқа белсенді азаматтар арасында көп деген сөз.

Қадірлі жерлестерім, денсаулығымыз алдымен өзімізге керек екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Індетке тоқтам болуы үшін, тезірек мамыражай жақсы күнге жетуіміз үшін сіздерден жиын-той, ас беру, туристік саяхат, отбасылық көпшілік шараларды тоқтата тұруды және карантиннің қарапайым талаптарын (маска кию, антисептик құралдары, арақашықтықты сақтау) қатаң сақтауды, екпе алуды сұраймын», - делінген үндеуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде