{metadescription}
Әсел Айтпаеваның өліміне кінәлі күдікті өлі табылды

Әсел Айтпаеваның өліміне кінәлі күдікті өлі табылды

26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған Бесик Тордуа клиникада қайтыс болды.

Оның адвокаты Лаша Шукакидзе бұл ақпаратты растады және оның клиенті бір апта бұрын пенитенциарлық мекемеден ауруханаға жатқызылғанын айтты.

Еске салайық, 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева Грузиядағы үйінің терезесінің астынан өлі табылды. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті.  Бойжеткен ол жаққа көлік сатумен айналысатын автосалонға жұмысқа кеткен. Қайтыс боларының алдында қыз өзін мазақ етіп, қорқытқанын айғақтайтын аудио жіберген.

Әсел Грузияға өзінің алыс туысы – немере әпкесінің күйеуі Мұрат Мейірбековтың шақыруымен жұмыс істеуге барған. Ол қыздың өліміне қатысы болды деген күдікпен ұсталды. Сондай-ақ осы күдікпен Грузияда 57 жастағы Бесик Тордуа да қамауға алынған болатын.

Тергеу барысын Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова өз бақылауына алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.