{metadescription}
Тоқаевтың сынынан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының басшысы ауысты

Тоқаевтың сынынан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының басшысы ауысты

Арман Қайырденов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды. 

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқармасының шешімімен "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС Бас директоры болып Арман Қайырденов тағайындалды. Кәсіпорынның бұрынғы басшысы Шухрат Данбай қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Арман Қайырденов 1971 жылы Атырауда туған. Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген, инженер-химик-технолог біліктілігі бар. 2003 жылы РФ Үкіметі жанындағы Халық Шаруашылығы Академиясын мұнай бизнесі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында Технологиялық қондырғы операторы болып бастады. Зауытта әртүрлі лауазымда 13 жыл жұмыс істеді.

Сондай-ақ әр жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу департаменті директорының орынбасары, Rompetrol Rafinare S.A компаниясының бас директорының орынбасары, бас директоры лауазымдарын атқарды, 2012-2013 жылдары "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры болды.

2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің директоры болып жұмыс істеді.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде