Алматы маңында жер сілкінді
Алматыға жақын жерде жер сілкінісі болды.
16:34 15.07.2021
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 15 шілде күні Алматы уақытымен 14 сағат 48 минут 42 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 44 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты – 8,4. MPV магнитудасы – 4,0. Тереңдігі – 10 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!