Mұғалім 19 жасар қызды өлтірді деген күдікке ілінді
Түркіменстанда мұғалім 19 жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінді.
17:08 15.07.2021
Тәуелсіз Turkmen.news басылымы 12 шілдеде Дашогуз қаласында 19 жастағы қызды көршісі өлтіргенін жазды. Бұл мәліметті Азаттықтың түркімен қызметінің Дашогуздағы тілшісі де растады. Ақпаратқа қарағанда, қызды өлтіруге Дашогуз қаласының №6 мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі күдікке ілінген. Ол көршісінің үйіне ұрлық жасамақ болған. Үйде мединституттың 1-курсын аяқтап, демалуға келген қызы болған.
Күдікті ұрлық жасау кезінде қызды көріп қалып, оны балтамен ұрған. Полиция күдіктіні қамауға алған. Ол көршісінің үйінен сейф ұрламақ болған. Қызды өлтіргенін мойындаған.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!