{metadescription}
Алматыда жаппай төбелес болды

Алматыда жаппай төбелес болды

Қалалық полиция департаменті төбелеске қатысты түсінік берді.

Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Нико» тұрғын үй кешенінде хостел орналасқан. Онда үйсіз адамдар ішіп, темекі тартады. Күнде жанжал болады, балаларды сыртқа шығаруға қорқамыз. Полицияға қоңырау шаламыз, бірақ ешқандай әрекет жоқ. Оларды 15 минутқа қамап, босатып жібереді. Бұл мәселені шешуге көмектессеңіздер», - деп жазды желі қолданушы.

Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

«14 шілдеде Алматы тұрғыны Г. Ж Жақсылықова Алматы қаласының Әуезов аудандық полиция басқармасына жүгінген. Ол Ақсай-1А ықшамауданы 17 үй мекенжайы бойынша жертөледе орналасқан «My club» хостелінің қонақтарына қатысты шара қабылдауды сұрады. Сондай-ақ, Жақсылықова әлеуметтік желілерде төбелестің видеосын жариялады», - деді Алматы қаласы ПД Әуезов аудандық полиция басөармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Оның айтуынша, аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.