{metadescription}
Қазақстан «Спутник Лайт» ресейлік вакцинасын тіркеді

Қазақстан «Спутник Лайт» ресейлік вакцинасын тіркеді

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусқа қарсы ресейлік бір компонентті «Спутник Лайт» вакцинасын тіркеді.

2021 жылы 12 шілдеде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасына уақытша тіркеу куәлігін берді, деп хабарлайды ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті.

«Спутник Лайт» Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы және ҚР Үкіметінің COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы Қаулысына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының оң қорытындысы негізінде тіркелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде